Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк мамыр айында теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Доллар мен теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мамыр айының қорытындысы бойынша, доллар біршама арзандады. АҚШ валютасының қазіргі уақыттағы ресми курсы 415,16 теңгені құрап отыр. Теңгенің нығаю себебін Ұлттық банк ресми сайтында түсіндіріп берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сарапшылардың сөзінше, теңге бағамы көктемнің үшінші айында әлемдік қаржы нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан 6,8 пайызға нығайған.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ доллары болған кезде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн АҚШ долларын құрады.

Ұлттық валютаның нығаюына әсер еткен факторлар:

  • энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі;
  • жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі;
  • Ресей рублінің де, тұтастай алғанда, дамушы елдердегі валюталардың бағамы да бар.

"Сонымен қатар валюта нарығындағы ұсыныс көлемі мамырда, шамамен, 598 млн АҚШ долларын құраған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы есебінен қолдау тапты", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, бюджетке төленетін ірі салық төлемдері және соған сәйкес валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан едәуір асып түскен.

"Өтімділікті қолдау және салық аптасы кезеңінде шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасындағы қалыптасқан теңгерімсіздікті теңестіру мақсатында Ұлттық Банк 110,5 млн АҚШ долларына шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды", - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін айдың басында 4 млн АҚШ доллары сатылған. Бұдан әрі трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілуіне байланысты Ұлттық қордың валюталық қаражатын конвертациялау талап етілмеді. 

Инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтері үшін валюта нарығында 74,5 млн АҚШ доллары сатып алынды.

"Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.

Ұлттық Банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1971978-ulttyq-bank-mamyr-aiynda-tengenin-nygayuyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel