Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала күтіміне және жүктілікке байланысты төлемдердің мөлшері артуы мүмкін

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері артатуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазір мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтығылына байланысты жұмысынан айырылуына, бір жасқа дейінгі бала күтіміне және жүктілігі мен босануға байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз", - деді Дүйсенова үкімет кулуарында.

Айтуынша, бұл декретте отырған әйелдерге жалақының көп бөлігін алуға мүмкіндік береді.

Әзірге төлемдердің қазіргі мөлшеріне қанша теңге қосылатыны белгісіз.

Еске сала кетсек, бұған дейін маусым айынан бастап қазақстандықтардың зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1972979-bala-kutimine-zane-zuktilikke-bailanysty-tolemderdin-molseri-artuy-mumkin/

pixel