Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде баспана сатып алу үшін 1,5 млн теңгелік сертификат кімдерге беріледі

Жарияланған күні:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекет тарапынан қазақстандықтарға үй немесе пәтер сатып алу үшін тұрғын үй сертификаты беріледі. Қайтарымсыз көмекті кімдер ала алатынын KAZ.NUR.KZ матералынан оқи аласыз.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Ел тұрғындарының кейбірі мемлекеттен қайтарымсыз сертификат ала алады. Оны жеке баспананы сатып алу үшін бастапқы жарна не соның бір бөлігі ретінде жұмсауға болады.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында тұрғын үй сертификатының жаңа сомасы мен оны алатын адамдар санаты анықталған. Қазіргі уақытта сертификаттағы сома 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін өскен.

Сертификат кімдерге беріледі?

Оны тұрғын үй кезегінде тұратындар және келесі санатқа жататын азаматтар ала алады:

  • 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек баласы бар не тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • көп балалы отбасылар.

Сертификат тек Алматыда емес, еліміздің басқа да өңірлерінде беріледі. Дегенмен берілетін көмектің сомасы, мерзімі мен ережесі әр аймақтың бюджетіне байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1973302-elimizde-baspana-satyp-alu-usin-15-mln-tengelik-sertifikat-kimderge-beriledi/