Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді

Опубликовано:

Теңге мен рубль
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық Банктің монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк рубльдің нығаю себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қаржы ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына қатысты қарқынды түрде нығаюы импорттың айтарлықтай төмендеуімен қатар капитал қозғалысын бақылау үшін енгізілген шаралар аясында орын алып отыр.

Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге бағамын белгілеуде ең алдымен теңге мен рубльдің долларға қатысты жеке қалай әрекет қылатыны әсер ететінін атап өткім келеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда", - деді Ұлттық банктің департамент директорының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1975650-ulttyq-bank-rubldin-nygayu-sebebin-tusindirdi/

pixel