Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ірі көлемдегі несиені қалай алуға болады

Опубликовано:

Қазақстанда ірі көлемдегі несиені қалай алуға болады
Қазақстанда ірі көлемдегі несиені қалай алуға болады: pixabay.com

Жеке тұлғалар кейде ірі көлемдегі несиені қалай алу қажеттігін білмей жатады. Ол үшін азаматтар екінші деңгейлі банктерге өтінім беруі керек. Осы орайда аса ірі көлемдегі несиені рәсімдеу үшін, қандай талаптарды ескеру керек деген заңды сауал туындайды. KAZ.NUR.KZ бүгінгі материалда осы тақырып төңірегінде әңгімелейтін болады.

Қазақстан азаматтары қолма-қол ақша қажет болған жағдайда, әдетте тұтыну несиесін алып жатады. Мұндай өнім 10 млн теңгеге дейінгі қаражат сомасын қарастырады немесе екінші деңгейлі банк талаптарын ескереді. Мәселен, еліміздегі кей банктер 7млн немесе одан да аз сомадағы несиені ғана бере алады.

Алайда кейде тұрғындарға бұдан көп сомадағы қаражат керек болып жатады. Сол кезде жеке тұлғалар кез келген мақсат үшін, кепілдігі бар тұтыну несиесін рәсімдей алады. Осы ретте аталған несиені алу үшін, отандық екінші деңгейлі банктер қандай жағдай жасалған деген заңды сауал туындайды. Аталған сұрақтың жауабын Ranking.kz. сайты іздеп көрді.

Айта кетерлігі елімізде аталған несие түрін 22 екінші деңгейлі банктің ішінен тек 9-ы ғана бере алады.

Несиені рәсімдеудің максималды сомасы

Қазақстандық екінші деңгейлі 9 банктің ішінен тек 5-еуі ғана кепілдендірілген тұтыну несиесіне қатысты ақпаратты көпке жария еткен. Осыған орай, Ranking.kz сайтының мәліметтеріне сәйкес, 200 млн теңгеге дейінгі қаражатты ForteBank-тен алуға болады екен. Тізімде одан кейінгі орында келесі банктер тұр:

  • Bank RBK – 75 млн теңгеге дейінгі қаражат көлемі;
  • Altyn Bank және Нұрбанк – 50 млн теңгеге дейінгі сома;
  • КЗИ Банк – 100 мың АҚШ долларына дейінгі сома, бұл 27-ші маусымдағы таңертеңгі уақыттағы бағам бойынша 470 мың теңгені құрайды.
Дереккөз
Дереккөз: ranking.kz

Пайыздық мөлшерлеме

Ranking.kz сарапшылары пайыздық мөлшерлемеге қатысты екінші деңгейлі банктерді екі топқа бөлген: аса ірі сомада несие беретін банктер және орташа көлемде несие рәсімдейтін банктер.

Банктерді бұлай екіге бөліп қарастырудың екі түрлі себебі бар: филиалдар – банктердің республика бойынша барлығының бірдей бөлімшесі жоқ; арнайы талаптар – кепілдікке тек белгілі бір қалаларда ғана бар жылжымайтын мүлік қойылады.

Сол себепті ірі банктер аталған несие түрін барлық азаматқа бере алуы мүмкін, ал жергілікті және көлемі жағынан кішігірім банктер тек жергілікті тұрғындарға бере алады. Осылайша ірі банктер арасында пайыздық мөлшерлемесі ең аз банк - ForteBank – (20,5%-дан бастап) болған. Ал жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме 22%-дан басталады.

Одан кейінгі орындарда:

  • Bank RBK – ЖТПМ 22,1%-дан бастап;
  • ЦентрКредит банкі – ЖТПМ 22,6% бастап;
  • Halyk Bank – ЖТПМ 23,3%-дан бастап;

Ал кепілдігі бар тұтыну несиесін беретін орташа қаржылық ұйымдарға:

  • Шинхан Банк – ЖТПМ 19,4% бастап, кепілдікке қойылатын жылжымайтын мүлік тек Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында болуы тиіс.
  • КЗИ Банк – тиімді пайыздық мөлшерлемесі 20%-дан бастап;
  • Altyn Bank – ЖТПМ 21,6%-дан бастап;
  • Нұрбанк – ЖТПМ 23,9%-дан бастап;
  • Қытай Банкі – тиімді пайыздық мөлшерлемесі 29%-дан бастап.
Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Несие беру мерзімі

Несие беру ұзақтығына байланысты 9 банктің ішінен 6-уы 120 айға дейінгі уақыт (10 жыл) береді. Оларға: ForteBank, Altyn Bank, Нұрбанк, Bank RBK, ЦентрКредит банкі және Halyk Bank жатады.

Бұдан да ұзақ мерзімді Шинхан Банкте алуға болады – 240 ай немесе 20 жыл. Ал КЗИ және Қытай банкі ең қысқа мерзімге рәсімдей алады: 60 ай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1976046-qazaqstanda-iri-kolemdegi-nesieni-qalai-aluga-bolady/

pixel