Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" бағдарламасының орнына елімізде жаңа тұрғын үй ипотекасы іске қосылуы мүмкін

Опубликовано:

Үй
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен ипотеканың жаңа түрі іске қосылуы мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Бұл туралы "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев айтқан.

"Зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы "7-20-25" бағдарламасының аяқталуына байланысты 500 млрд теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныстың төмен болуы болжануда.

Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақсатында халық үшін екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады", - деді ол үкімет отырысында.

Басылымның хабарлауынша, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылған:

  • бастапқы жарна 20 пайыздан басталатын;
  • кредит беру мерзімі 20 жылға дейін болатын;
  • қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге дейін жететін;
  • төлем қабілеттілігін міндетті түрде растауды қажет ететін ипотеканы іске қосу ұсынылуда.

Сондай-ақ Қанат Шалапаев осы бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес екенін айтқан.

"Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Қаржы министрлігінің қарауында. Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын",-деді Қанат Шалапаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1977039-7-20-25-bagdarlamasynyn-ornyna-elimizde-zana-turgyn-ui-ipotekasy-iske-qosyluy-mumkin/

pixel