Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар күрт қымбаттады
Опубликовано:

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар күрт қымбаттады. Қазір шетел валютасы 481-488 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айта кетейік, сейсенбі, 5 шілдеде доллар 469,26 теңгеден саудаланып, 5,10 теңгеге қымбаттаған еді.
Алайда ресми бағамға қарамастан, бүгін таңертең ақша айырбастау орындарында доллар бағасы күрт көтерілді. Kurs.kz порталы ұсынған ақпаратқа сәйкес, шетел валютасы төмендегідей:
- Алматы: сатып алу – 470,5-474 теңге, сату – 477-487 теңге;
- Нұр-Сұлтан: сатып алу – 470-475 теңге, сату – 478-483 теңге;
- Шымкент: сатып алу – 470-477 теңге, сату – 480 теңге.
NUR.KZ сайтының ақша айырбастау бағамы парақшасындағы ақпарат бойынша, екінші деңгейдегі банктер долларды орта есеппен 480,5-487 теңгеден сатып жатыр. Одан бөлек, қаржы ұйымдары шетел валютасын 472,5-475 теңге аралығында сатып алуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1977310-qazaqstandagy-aqsa-aiyrbastau-oryndarynda-dollar-kurt-qymbattady/