Елімізде доллар тағы көтерілді
Опубликовано:

Қазақстан қор биржасында өткен күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,5 теңгеге өсті. Бұл туралы KASE ресми сайтында хабарланды.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы доллар бағамы 479,83 теңгеге дейін жетті. Осылайша, соңғы сауда-саттықта америкалық валютаның 3,51 теңгеге өскені байқалып отыр.
NUR.KZ порталындағы ақша айырбастау курсына қатысты ақпаратқа сәйкес, қазір екінші деңгейлі банктерде долларды сату және сатып алу бағасы келесідей:
- Алматыда: сатып алу – 475-480 теңге, сату – 482,5-483,5 теңге;
- Нұр-Сұлтанда: сатып алу – 475-477,3 теңге, сату – 482,5-483 теңге.
Сонымен қатар Kurs.kz мәліметінше, Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында долларды төмендегі бағаммен сатып алуға және сатуға болады:
- Алматыда: сатып алу – 476-479 теңге, сату – 483-485 теңге;
- Нұр-Сұлтанда сатып алу – 475-479 теңге, сату – 480-484 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1980277-elimizde-dollar-tagy-koterildi/