Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Роза Бағланованың портреті бар коллекциялық монеталар сатылымға шықты

Опубликовано:

Роза Бағлановаға 100 жыл монетасы
Фото: Ұлттық банктің ресми сайты

2022 жылдың 27 шілдесінен бастап "ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL" коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

Монеталарды www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады.

"ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL" монеталарының сипаттамасы:

  • Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады. 2021 жылы КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы, қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толды.
  • Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазу монета жиегімен айналдыра жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуын көруге болады.
  • Монета реверсінде Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін "100 JYL" деген жазу бар, монета жиегінде "Ах, Самара-городок" әнінің ноталары, "ROZA BAǴLANOVA" деген жазулар айналдыра басылған, сол жағында – монетаның шыққан жылын білдіретін "2022" деген жазу бар.

Монета коллекциялық құны тұрғысынан сатуға арналған. Олар белгіленген құнына сай республиканың бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін, еліміздің барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1980461-qazaqstanda-roza-baglanovanyn-portreti-bar-kollekciyalyq-monetalar-satylymga-tusti/

pixel