Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар аздап арзандады

Опубликовано:

АҚШ валютасы
Көрнекі фото: pexels.com

KASE-дегі күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап төмендеді. Қазіргі уақытта 1 доллар 478,78 теңгені құрап отыр. Бұндай деректерді Қазақстан қор биржасының ресми сайты жариялады.

Бір күн бұрын доллар бағамы 479,98 теңгені құрап еді. Қазіргі бағаммен айырмашылық 1,2 теңге болып тұр.

Айта кетейік, соңғы айда доллар 22,48 теңгеге қымбаттады.

NUR.KZ порталындағы ақша айырбастау курсына қатысты ақпаратқа сәйкес, қазір екінші деңгейлі банктерде долларды сату және сатып алу бағасы келесідей:

  • Алматыда: сатып алу-475-479,5 теңге, сату – 481,5-484,5 теңге;
  • Нұр-Сұлтанда: сатып алу-475-477 теңге, сату – 481,5-483 теңге.

Сонымен қатар Kurs.kz мәліметінше, Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында долларды төмендегі бағаммен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу – 475-479 теңге, сату – 481-485 теңге;
  • Нұр-Сұлтанда: сатып алу – 470-477 теңге, сату – 479-483 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1980686-elimizde-dollar-azdap-arzandady/

pixel