"Қант бағасы 90 пайызға өскен": Елімізде азық-түлік пен тауарлар қаншаға қымбаттады

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Бірінші тамыз күні Ұлттық статистика бюросы азық-түлік бағасы бойынша кезекті мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазақстандағы қант түрлі жанжалға себеп болып қана қоймай, қымбатшылығымен барлық азық-түліктің алдын ораған. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, тәтті өнім бір жылда 90 пайызға қымбаттаған.

Шекердің орнатқан рекордын пияз да қуып жетуге сәл-ақ қалған. Бұл көкөніс бағасы бойынша жылдық өсім 80 пайызға жуықтайды.

Құны аспандап тұрған азық-түліктің бестігінде ұн да бар – 40 пайызға өскен.

Ал макарон өнімдері мен түрлі жармалардың бағасы 30 пайызға қымбаттаған.

Азық-түлік емес тауарлар да қалыспай келеді. Ыдыс-аяқ жуатын сұйықтықтар, тұрмыстық құрылғылар, құрылыс материалдары және жиһаздың нарықтағы бағасы 20 пайызға артқан.

Осылайша шілде айындағы жылдық инфляция 15 пайызды құрады.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1981233-qant-bagasy-90-paizyga-osken-elimizde-azyq-tulik-pen-tauarlar-qansaga-qymbattady/