Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде доллар 4 теңгеге арзандады

Опубликовано:

Доллар бағамы
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді. Өзекті ақпарат KASE ресми сайтында жарияланған.

Қазіргі уақытта америкалық валютаның құны 475,79 теңге деңгейінде тұрақтады. Алдыңғы сауда-саттық нәтижесімен салыстырғанда доллар 3,76 теңгеге арзандаған.

NUR.KZ айырбас бағамының парақшасындағы мәліметке сәйкес, қазіргі таңда қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату келесі бағам бойынша жүзеге асырылады:

Алматыда: сатып алу – 472,4-475 теңге, сату – 477,9- 481 теңге;

Нұр-Сұлтанда: сатып алу – 472,4-473 теңге, сату – 477,9-481 теңге.

Сондай-ақ, Kurs.kz сайтындағы ақпаратқа сәйкес, қазақстандық ақша айырбастау орындары долларды келесі бағамен сатып алады/ сатады:

Алматыда: сатып алу – 474-476 теңге, сату – 479-481 теңге;

Нұр-Сұлтанда: сатып алу – 473-477 теңге, сату – 478,5-482 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1981390-elimizde-dollar-4-tengege-arzandady/

pixel