Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қымбатшылық: Елімізде жылқы етінің құны бір жылда 16,5 пайызға өсті

Опубликовано:

Министр: Ет бағасының өсуіне саудагерлер кінәлі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Биыл қаңтар-маусым айлары аралығында шаруашылықтарда сойылған және союға өткізілген жылқы етінің көлемі 125 мың тоннаға жеткен. Соған қарамастан Қазақстанда жылқы еті өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға қымбат, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, соңғы алты ай ішінде елімізде ең көп жылқы Түркістан облысында сойылған. Бұл өңірде сойылған малдың таза етінің салмағы 7,5 мың тоннаны құраған. Көшбасшылар үштігіне Абай (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 5,5 мың тонна) облыстары да кірген.

1 шілдедегі ақпарат бойынша елімізде 4,1 млн бас жылқы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға көп. Аталған мал басы көп өңірлер - Түркістан, Қарағанды және Абай облыстары.

Шілде айында Қазақстанда базарлар мен дүкендерде жылқы еті келісіне 2 900 теңгеден саудаланған. Ал өткен жылы ет бағасы 16,5 пайызға төмен болған.

ет бағасы
Инфографика: energyprom.kz

Баға шарықтаған аймақтар қатарын Солтүстік Қазақстан облысы бастап тұр. Мұнда жылқы етінің құны 28,8 пайызға өскен. Сонымен қатар Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында да баға көтерілген. Ең төменгі жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді. Онда жылқы еті 4,5 пайызға қымбаттаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1982752-qymbatsylyq-elimizde-zylqy-etinin-quny-bir-zylda-165-paiyzga-osti/

pixel