Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Jusan ұсынған бөліп төлеу мүмкіндігімен оқуға дайындалып үлгеріңіз

Жарияланған күні:

"WOW! Бөліп төлеу. Сен әлі үлгересің!" акциясы
Фото: Jusan Bank

Тамыз – жаңа оқу жылына дайындық және қауырт сауда жасау айы. Бұл процесті ыңғайлы және тиімді ету үшін Jusan Bank қазақстандықтарға сұраныс көп тауарларға бөліп төлеу мен бонустар ұсынады.

Күзге қажетті заттарды сатып алуды ең соңғы сәтке дейін ысырып қойсаңыз, уақытыңыз бен ақшаңыз артық шығын болады. Әсіресе балаларын мектепке дайындайтын ата-аналар үшін шығындар тіпті көбейіп кетеді.

Мысалы дәптерлердің бір данасының өзі 35 теңгеден 130 теңгеге дейін сатылады және олардың бірден ондаған данасын сатып алу қажет. Ал басқа заттарды (рюкзак, күнделік, қаламдар, өшіргіштер, мектеп формасы және басқа да киімдерді) есепке алғанда, сома бірнеше ондаған мың теңгені құрауы мүмкін.

Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

Ал отбасында екі-үш бала болса, онда шығындар бірнеше есеге артады.

Бұл шығындардың барлығы отбасылық бюджетке айтарлықтай салмақ салатыны сөзсіз. Сонымен қатар күннің ыстығында дүкендер мен базарларды аралау оңай шаруа емес.

Сондықтан Jusan мобильді қосымшасында үйден шықпай, онлайн сауда жасау тиімді. 2022 жылдың 15-28 тамызы аралығында сіз тауарларды екі жылға бөліп төлеумен (0-0-24) сатып алып қана қоймай, сонымен қатар ол үшін бонустар ала аласыз.

"Сонымен бірге Jusan Bank бөліп төлеу бонустарын ұсынатын еліміздегі жалғыз банк", – дейді Jusan Bank өкілдері.

Бөліп төлеу арқылы не сатып алуға болады

Баланы мектепке дайындау қажет болса, онда қазақстандықтарға бірден бірнеше дүкен мен сауда базарларына бару қажеттілігі туындауы мүмкін.

Ал оқу жылы қарсаңындағы дүрбелең мен ыстық ауа райын ескерер болсақ, онда сауда жасауға біршама уақыт пен энергия кетеді. Сондықтан Jusan қосымшасында онлайн сауда жасау тиімді болмақ. Акция кезінде сатып алуға болатын мектеп оқушыларына қажетті тауарлардың тізімі алуан түрлі:

  • Балаларға арналған сөмкелер мен рюкзактар;
  • Қаламдар, қарындаштар және басқа да кеңсе тауарлары;
  • Ноутбуктер мен смартфондар;
  • Жазу және ойын үстелдері мен орындықтар;
  • Киім және аяқ киім.
Jusan Bank
Фото: Jusan Bank
"Балаларын мектепке дайындап үлгермеген ата-аналар үшін бұл акция таптырмас мүмкіндік – екі жылға дейін бөліп төлеу және ол үшін бонустар ала алады. Акция 15-28 тамыз аралығында еліміздің барлық өңірінде: мегаполистерден бастап ең кішкентай қалалардың тұрғындары қатыса алады", – деп хабарлайды Jusan Bank өкілдері.

Акциясындағы ұсынылатын тауарлар тек мектеп керек-жарақтарымен шектелмейді.

Бөліп төлеуге барлығы қатысады

Тиімді бөліп төлеу ересектерге де, балаларға да пайдалы тауарлар мен қызметтердің алуан түріне қолданылады.

Мысалы күздің басталуымен иммундық жүйе суық мезгілге дайын болуы үшін физикалық белсенділікті сақтау өте маңызды. Оны одан да тиімді ету үшін бөліп төлеуге болады:

  • Спорт залдарға абонементтер;
  • Велосипедтер мен самокаттар;
  • Спорттық ойындар.

Яғни бұл сіздің көптен барғыңыз келіп жүрген фитнес залына тиімді абонемент алудың тамаша мүмкіндігі. Бұл ретте сатып алғаныңыз үшін бонустар беріледі.

Jusan Bank
Фото: Jusan Bank

Білімді жетілдіру, жалпы рухани және физикалық тұрғыда даму кез келген адамның өмірінде маңызды рөл атқарады. Осы орайда сізге Jusan Дүкенде түрлі оқу курстарынан бастап, музыкалық аспаптарға дейін қолжетімді.

"Біз қазақстандықтар тауарларды бөліп-бөліп сатып алып қана қоймай, ол үшін бонустар да ала алатын акцияларды үнемі өткізіп отырамыз. Акцияға қатысатын тауарлардың санаты әр түрлі. Тиімді бөліп төлеу мен бонустар алу үшін тек Jusan мобильді қосымшасы жеткілікті", – деп атап өтті банк өкілдері.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1983036-jusan-usyngan-bolip-toleu-mumkindigimen-oquga-daiyndalyp-ulgeriniz/