Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қай елге жиі ақша аударады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандықтардың қай елге жиі ақша аударатыны белгілі болды. Соңғы кезде елімізден шетелге аударылатын ақша көлемі өскен. Оның жартысы Өзбекстан мен Түркияға тиесілі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

"2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасынан шетелге халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 495,8 млрд теңге аударылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7 пайызға көбірек", – деп жазады ranking.kz.

Сайттың мәліметінше, биылғы маусым айында шетелге 104,4 млрд теңге көлемінде рекордтық сома жөнелтілген. Бұған дейінгі рекордтар биылғы жылдың сәуір айы (103,6 млрд теңге) мен 2021 жылдың маусымында (103 млрд теңге) тіркелген.

"2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан шетелге халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдары көлемінің жартысы Өзбекстанға (130 млрд теңге аударылған) және Түркияға (118,5 млрд теңге аударылған) тиесілі. Одан бөлек Ресейге (86,2 млрд теңге), Қырғызстанға (55,2 млрд теңге) және Грузияға (39,9 млрд теңге) аударылған", – деп жазады ranking.kz.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан шетелге аударылған қаржының жалпы көлемінің 76,8 пайызы тек "Алтын тәжге" тиесілі. Аударылған сома 380,9 млрд теңге. Бір жылмен салыстырғанда аударылған сома 3,5 пайызға өскен.

Одан кейін Contact жүйесі тұр, ол арқылы 64,9 млрд теңге аударылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге көп.

Үшінші орында Western Union жүйесі. Бұл жүйе арқылы биыл сыртқа 30,2 млрд теңге аударылған. Бір жылдағы өсім – 9,8 пайыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1983235-qazaqstandyqtar-qai-elge-zii-aqsa-audarady/

pixel