Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар қаржы жинақтарын қалай сақтағаны дұрыс: Маман кеңесі

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандықтар қаржы жинақтарын қалай сақтағаны дұрыс? Бұл сауалға Экономист Бауыржан Исабеков жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Экономист қазіргі уақытта ақшаны бірнеше валютамен сақтауға кеңес берді.

Алайда рубльге абай болу керек, дейді. Оның сөзінше, ресейлік валютаның ресми мен қара нарықтағы бағамы әртүрлі.

"Бірнеше валютаның болуы жинағыңызды қауіпсіз және тұрақты етеді. Жинақты тең бөліктерге бөлуге кеңес беремін. Айталық, адам доллар, еуро, теңге және алтынға иелік етеді делік. Олардың соңғысы қауіпсіз инвестиция болып саналады. Сарапшылар бір валюта құлдыраса да, екіншісі қымбаттайды деп есептейді. Мұндай жағдайда адам ақшасыз қалмайды", - деді Бауыржан Исабеков.

Экономистің сөзінше, егер жинақты ұсынылған инвестиция түрлеріне ұтымды бөлсе, онда қолда бар қаражат үнемделеді әлі ұлғая түседі.

Сонымен қатар ол ақша эквивалентіне назар аудармауға және үнемдеудің басқа жолдарын қарастыруға кеңес берді. Олардың қатарынжа жылжымайтын мүлік, акциялар, облигациялар, бизнес бар.

"Егер IPO-ға шығарылған ұлттық компаниялардың акцияларын сатып алсаңыз, онда олар да 17-20 пайыз пайда әкелуі мүмкін", - деді Бауыржан Исабеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1983562-qazaqstandyqtar-qarzy-zinaqtaryn-qalai-saqtagany-durys-maman-kenesi/

pixel