Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің қай өңірлерінде оқу құралдары қатты қымбаттаған

Опубликовано:

оқу құралдары
Көрнекі фото: Pixabay.com

Биыл шілде айында кеңсе тауарлары өткен жылмен салыстырғанда 12,3 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Еnergyprom.kz сарапшыларының талдауына сүйенсек, өңірлер бойынша бағаның өскенін Түркістан облысының тұрғындары сезген, облыста кеңсе тауарлары 50,1 пайызға қымбаттаған. Сондай-ақ Атырау (31,1 пайыз) және Ақмола (14,7 пайыз) облыстарында және Алматы қаласында (14,5 пайыз) аталмыш тауар қымбаттап кеткен.

Жылдық баға өсімінің ең төмен көрсеткіші Жамбыл облысында тіркелген, мұнда оқу құралдары небәрі 1,2 пайызға қымбаттаған.

Мысалы, сурет дәптерінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға, шарикті қалам 13,2 пайызға, түрлі-түсті қарындаш 12,1 пайызға, дәптер 12 пайызға, А4 форматындағы қағаз 10,6 пайызға көтерілген.

Жалпы биыл шілде айында білім беру қызметтерінің бағасы 11,5 пайызға өссе, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру қызметі бір жылда 7,1 пайызға, орта білім беру – 6,8 пайызға, кәсіптік орта – 11,7 пайызға, жоғары білім 17,7 пайызға қымбаттаған.

Еліміз бойынша білім беру қызметі ең қымбат өңірлер - Атырау (50 пайызға), Павлодар (19,4 пайызға) және Шығыс Қазақстан (19,1 пайыз) облыстары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1983753-elimizdin-qai-onirlerinde-oqu-quraldary-qatty-qymbattagan/

pixel