Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде еуро доллардан да арзандап кетті

Опубликовано:

Еуро
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық ақша айырбастау орындарында еуроны сатып алу бағасы АҚШ долларынан төмен болып шықты. Бұл еуроның рекордтық дәрежеде құлдырауымен байланысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мамандардың пікірінше, еуро сыртқы және ішкі факторлардың қысымына ұшыраған.

Біріншіден, геосаяси жағдайдың шиеленісуі және электр энергиясы мен азық-түлік бағасының өсуіне әкелген санкциялар, екіншіден, Еуропадағы бірқатар елде құрғақшылыққа әкеліп соқтырған аптап ыстық.

Мұның бәрі еуропалық валютаның құнына қатты әсер еткен. Bloomberg сарапшыларының пікірінше, еуро күрт құлдырап, соңғы 20 жылдағы ең төменгі тарихи мәнге жетті. Оның долларға шаққандағы құны 1,1 пайызға, 0,9928-ге төмендеген, осылайша биыл шілде айындағы 0,9952 ең төменгі мәнді жаңартқан.

Қазір еуро 2002 жылғы бағамен саудалануда. Сарапшылардың айтуынша, болашақта еуро 0,98-ге және одан да құлдырауы мүмкін.

Еуро доллардан арзан

Бір айта кетерлігі, еуроның құлдырауы көптен бері байқалуда. Бұған дейін қазір еуро мен АҚШ долларының құны бірдей екенін айтқан болатынбыз, мұндай жағдай жиырма жылда алғаш рет тіркеліп отыр. Қазір еуро одан да арзандап кетті, бұны қазақстандық ақша айырбастау орындарынан байқауға болады. Дәл қазір Алматыдағы бірқатар айырбастау пункті еуропалық валютаны доллардан төмен бағаға сатып алуда.

Қазіргі бағамға сәйкес, еуроны сатып алу 459,00 теңгеден басталса, доллар құны 463 теңгеден басталады. Бұл дерек 23 тамыз, сағат 16:50-дегі мәліметке сай алынды. Еуропалық валютаны сатып алудың максималды бағасы 469 теңгеге, ал америкалық валютаны 475 теңгеге дейін сатып алуға болады.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, бір апта бұрын (16 тамыз) еуроны сатып алу бағасы 478 теңгеден басталған. Сату жағдайында да сол көрсеткіш белгіленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1984468-elimizde-euro-dollardan-da-arzandap-ketti/

pixel