Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрынғы қалпына келеді": Экономист теңгенің күрт нығаю себебін түсіндірді

Опубликовано:

теңге доллар
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Кеше KASE-тегі сауда-саттық теңгенің күрт нығаюымен аяқталды. Америкалық валюта бірден 8 теңгеге арзандады. Дегенмен экономистердің айтуынша, доллар келесі аптада бұрынғы қалпына келеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәрсенбі, 24 тамызда күндізгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы соңғы сауда-саттық нәтижесімен салыстырғанда 8,19 теңгеге төмендеп, 461,98 теңгені құрады. Ақша айырбастау орындары мен екінші деңгейлі банктерде америкалық валюта орта есеппен 470 теңгеден сатылды. Айта кетерлігі, бір-екі күн бұрын ғана доллар бағасы 480-481 теңгеге бағаланған.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботаревтың "Астана" телеарнасына берген мәліметінше, теңгенің нығаюы жер қойнауын пайдаланушылар салық есебін тапсыратын кезеңмен байланысты.

"Яғни, бұл елдегі ең ірі салық төлеушілер. Тиісінше, олар Қазақстанда жұмыс істеп, шетелге экспорттап, пайданы шетел валютасында алатындықтан, салықтық есеп беру аптасында теңгенің нығаюы қалыпты жағдай. Өйткені жер қойнауын пайдаланушылар теңге салығын төлеу үшін шетел валютасын сатып жатыр. Шетел валютасы көп мөлшерде айналымға түскендіктен, теңге нығаюда", - деп түсіндірді сарапшы.

Еске сала кетейік, доллар-еуро жұбына келетін болсақ, олардың бағамдары 20 жылда алғаш рет орнын ауыстырды. Спикердің сөзінше, Еуроодақ валютасы америкалық валютаға қарағанда арзан болып шықты және ең алдымен, Еуропалық Одақтың жұмсақ саясатына байланысты өз орнын жоғалта береді.

Оның айтуынша, бұл жағдай теңгеге еш әсер етпейді, өйткені қазақстандықтардың бұл валютамен транзакцияларының көлемі аз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1984694-buryngy-qalpyna-keledi-ekonomist-tengenin-kurt-nygayu-sebebin-tusindirdi/

pixel