Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап.

Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі.

Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады.

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1985682-qasym-zomart-toqaev-memlekettik-satyp-aludyn-mulde-zana-zuiesi-zasalady/