Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"18 жасқа толмаған барлық баланың атына шот ашылады": Руслан Желдібай жаңа бағдарламаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қаржы ұйымы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы туралы жазбасына орай келіп түскен сауалдарға жауап берді. Ол арнаулы есепшоттың 18 жасқа толмаған барлық баланың атына ашылатынын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл норма күшіне енген кезде (2024 жылы) 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Олар кәмелеттік жасқа толғанша қаржы түсіп тұрады.

Шоттағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляция қорғауға мүмкіндік береді", - деп жазды Руслан Желдібай.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қордың жылдық инвестициялық табысының 50 пайызын кәмелетке толмағандардың жинақ шотына аударуды ұсынғанын хабарлаған едік.

Осы ретте президенттің баспасөз хатшысы Ұлттық қордан түсетін қаражат есебінен 18 жасқа дейін балалардың есепшотында шамамен қанша қаржы жиналатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1985797-18-zasqa-tolmagan-barlyq-balanyn-atyna-sot-asylady-ruslan-zeldibai-zana-bagdarlamaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel