Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуантыров Ұлттық қордан балаға аударылатын ақша жайлы: Кей ауылдан үй алуға жетеді

Опубликовано:

Үй
Көрнекі фото: piqsels.com

Ел президенті өзінің жолдауында Ұлттық қордан әрбір қазақстандық балаға ақша аударылатыны туралы айтқан болатын. Отандық сарапшылар әр балаға шамамен жылына қанша ақша аударылатынын есептеп, түрлі болжамдар жасаған-ды. Бұл ретте Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 18 жасқа толғанда бала шотында жиналған қаражат ауылдан үй алуға болатындай көлемде болатынын жеткізді, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Министрдің айтуынша, ол ақшаға ауылда үй сатып алуға, қалада ипотеканың алғашқы жарнасын төлеуге мүмкіндік болуы мүмкін.

«Жалпы, былай айтқанда үй алу бағалары республика бойынша әртүрлі ғой. Ол өңірлерге байланысты. Ауылда басқа баға, қалада басқа баға. Бірақ та мысалы кей ауылдан үй алуға жетеді.

Мысалы, ауылда үй 1,5-2 млн теңге тұрса - мүмкіндік бар. Бірақ, ипотека алуға алғашқы жарнаға жететін шығар деп ойлаймын»,- деді Әлібек Қуантыров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1986028-quantyrov-ulttyq-qordan-balaga-audarylatyn-aqsa-zaily-kei-auyldan-ui-aluga-zetedi/

pixel