Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі кімдерге әсер етеді

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі кімдерге әсер ететіні белгілі болды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 000-нан 70 000 теңгеге дейін ұлғайтылатын болады.

Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ең төменгі жалақыдан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Осының арқасында әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін жалақысы 70 мың теңгеге дейінгі 1,8 миллионға жуық жалдамалы жұмыскердің ақшалай кірістері өспек.

Телеарна мәліметінше, бірінші кезекте ең төменгі жалақының көтерілуі "жалақысы төмен" қызметкерлерге қатысты.

Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Сонымен қатар мемлекет басшысы үкімет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізуді тапсырды, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік береді.

Осы тапсырманы орындау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары динамикалық тәсілдемеге негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескеретін ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін дайындауға кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1986308-elimizde-en-tomengi-zalaqy-molserinin-osui-kimderge-aser-etedi/

pixel