Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сбербанк Қазақстан" жаңа атауға ие болады: Шарлапаев банктің болашағы туралы айтты

Опубликовано:

Сбербанк
Фото: Сбербанк

"Сбербанк Қазақстанның" атауы жақын арада "Береке банк" болып өзгертіледі. Бұл туралы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шарлапаев қазақстандық журналист Дмитрий Шишкинге сұхбат берді. Әлі жарияланбаған сұхбат үзіндісі Shishkin_like Telegram-каналында пайда болды.

Сұхбатта ұлттық холдинг басшысы ресейлік "Сберден" сатып алынған Қазақстандағы еншілес банкті ребрендингтен өткізіп, "Береке"деген атау берілетінін жеткізген.

"Міндетті түрде ребрендинг болады. 1 қыркүйекте меншік құқығын беру транзакциясын жаптық. Жаңа банк "Береке банк" деп аталады. Қазақтың жақсы сөзі ғой - бәріміз бір-бірімізге соны тілейміз. Сондықтан, менің ойымша, бұл банктің құндылықтары мен бұған дейінгі ұмтылысын толық білдіреді және алдағы уақытта да солай жұмыс істей береді деп үміттенемін", - деді Шарлапаев.

Еске сала кетейік, биыл тамыз айында "Бәйтерек" холдингі мен Сбер Қазақстандағы еншілес банкті сатып алу-сату жөнінде мәміле жасағанын хабарлаған едік. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1987463-sberbank-qazaqstan-zana-atauga-ie-bolady-sarlapaev-banktin-bolasagy-turaly-aitty/

pixel