Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрлігі: Елорданың бұрынғы атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаржы талап етілмейді

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрлігі елордаға бұрынғы атауы қайтадан берілген жағдайда, бұның қосымша шығынға әкелмейтінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"ҚР Парламенті елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда, мемлекеттік органдар үшін қаражат негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыру және бланк өнімдерін өзгерту үшін қажет болады", – деп хабарлады Қаржы министрлігінің өкілдері.

Сонымен қатар бұның барлығы мемлекеттік органдардағы көптеген процестердің цифрландырылуын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

"Бұл шараны мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат шегінде, қосымша ақша бөлусіз жүзеге асыруға болады. Басқаша айтқанда, қосымша қаржы қажет емес", – деп толықтырды ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттардың елордаға Астана атауын қайтару туралы ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1987558-qarzy-ministrligi-elordanyn-buryngy-atauy-qaitarylgan-zagdaida-qosymsa-qarzy-talap-etilmeidi/

pixel