Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тауық етінің бір жылда қанша пайызға қымбаттағаны белгілі болды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Тауық етінің қымбаттауы еліміздегі отандық өнімнің өсуімен және халық арасында сұраныстың артуымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы орайда Energyprom компаниясының сарапшылары құс етінің бір жылда қалай қымбаттағанын анықтап көрді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында Қазақстанда құс еті 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға, ал мұздатылған құс еті 0,1 пайызға артық өндірілген.

Өнімнің басым бөлігі Алматы және Ақмола облыстарында өндірілді. Мәселен, Ақмола облысында жаңа сойылған құс еті 38,4 пайыз және мұздатылған құс еті 18,6 пайыз, Алматыда сәйкесінше 16,6 пайыз және 50,6 пайыз өндірілді

Алғашы алты айдағы көрсеткіштер:

75 901 тонна – мұздатылған құс еті;

64 172 тонна – жаңа сойылған және салқындатылған құс еті.

Құс етінің бағасы өсуде

Құс етінің бағасы нарық логикасына сәйкес келеді - сұраныстың өсуімен өнім де қымбаттайды.

Мәселен, тамыз айының қорытындысы бойынша құс етінің құны бір жыл ішінде 27,9 пайызға өскен.

Оның ішінде тауық еті – 25,9 пайызға, тауықтың аяғы – 28,5 пайызға, төс еті – 29,3 пайызға, сирақ пен сан еті – 29,5 пайызға қымбаттады.

Өңірлер бойынша құс етінің бағасы Маңғыстау облысының тұрғындарының қалтасына ауыр тиді: бір жылда өсім 43,8 пайызды құрап отыр.

Алғашқы үштікке Ақтөбе және Павлодар облыстары кірді: бұнда баға орта есеппен 37,8 және 35,2 пайызға көтерілген.

Ал тауық етінің құны Қарағанды ​​облысында ғана аз өсті: жылына 15 пайыз.

Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз айында құс етінің келісінің орташа бағасы 1,3 мың теңге шамасында, ал тауық аяғының бір келісі 1,2 мың теңге шамасында белгіленді.

Дегенмен, өңірге байланысты бағалар айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Мәселен, тауық етінің ең жоғары құны Ақтауда тіркелген: келісі 1584 теңге. Ал тауық аяғы Түркістан облысында ең қымбат бағаға саудалануда: 1372 теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1987976-qazaqstanda-tauyq-etinin-bir-zylda-qansa-paiyzga-qymbattagany-belgili-boldy/

pixel