Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қанша адам пәтерін заңды түрде жалға береді

Опубликовано:

пәтер
Көпқабатты тұрғын үй. Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов салықтан жалтармай, пәтерін жалға беретін қазақстандықтардың санын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның хабарлауынша, Қаржы министрлігі елімізде тұрғын үйді жалға берудің бірнеше жолын атаған.

"Бірінші жол – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Еліміз бойынша осы жолды таңдап, жеңілдетілген декларация мен патент тапсырып жүрген 84 мыңнан астам адам бар", - деді Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министр пәтерді жалға берудің тағы бір жолын атады.

"Мұнда жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Егер ол облыс орталығында немесе ірі қалаларда тұрғын үй тапсырса, есеп айырысу айының басына дейін 1 АЕК төлеуі керек. Ал, аудандық деңгейде 0,5 АЕК төлеуі шарт. Мұндай режимді пайдаланатын 120 мыңнан астам адам бар", - деп түсіндірді вице-министр.

Оның сөзінше, пәтер жалдаудың үшінші жолын 2 мыңға жуық адам ғана қолданып жүрген көрінеді.

"Жеке тұлғалар табысы мүліктік кіріске тең болса, аталған кірісті бір жылдан кейін декларациялай алады және жалға алынған соманың 10 пайызын төлей алады. Айталық, егер ол бір жыл ішінде 2 млн теңгеге тапсырса, ол декларацияда осы соманы көрсетіп, 200 мың теңге төлейді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 мыңға жуық адам осы тәсілді қолданды", - деді Ержан Біржанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1990365-elimizde-qansa-adam-paterin-zandy-turde-zalga-beredi/

pixel