Назарбаев бейнеленген 20 мыңдық банкнот айналымда қала ма: Ұлттық банк жауап берді

Опубликовано:

20 мың теңге
20 мың теңгелік банкнот. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Ұлттық банк Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылған Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі бар 20 мыңдық купюраның тағдыры не болатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

NUR.KZ тілшісінің тиісті сауалына Ұлттық банк пікір білдірді. Қаржы реттеушісінің мәліметінше, бұл банкноттар – заңды төлем құралы. Оларды барлық басқа ескерткіш банкноттар сияқты төлемдердің барлық түрлері, банктік операциялар мен аударымдар үшін қабылдауға міндетті.

"Банкноттар табиғи тозуына қарай ақша айналымынан алынады. Мерейтойлық және естелік банкноттар бойынша айналыс мерзімі белгіленбейді",деп хабарладыҰлттық Банк.

Айта кетейік, еліміздің тұңғыш президенті бейнеленген 20 мың теңгелік банкнотты Ұлттық Банк өткен жылдың 1 желтоқсанында айналымға енгізген болатын.

2022 жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанда басқа 20 мыңдық купюра айналымға шығарылады. Онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, "Қазақ Елі" монументі, "Мәңгілік Ел" салтанатты аркасы, "Басқұр" қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті және "30"саны бейнеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1990448-nazarbaev-beinelengen-20-myndyq-banknot-ainalymda-qala-ma-ulttyq-bank-zauap-berdi/