Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеке тұлғалар үшін мүлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегерілді

Опубликовано:

Салық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 1 қазанға дейін жеке тұлғалар мүлік салығын төлеуі керек еді. Алайда бұл күн демалыс күніне сәйкес келгендіктен, салық төлеу мерзімін кейінге шегеру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

"Салық кодексінің 38-бабы 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады", - делінген ведомство хабарламасында.

Есептелген салық сомасын "kgd.gov.kz" сайтында және "E-salyq Azamat" мобильді қосымшасында "Алдағы төлемдер" сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады.

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін "e-Salyq Azamat" (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болатынын еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1990805-qazaqstanda-zeke-tulgalar-usin-mulik-salygyn-toleu-merzimi-keiinge-segerildi/

pixel