Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депозит бойынша өтемақы: қазақстандықтарға мемлекеттен түсетін төлемдерден қағылмау үшін не істеу керек

Опубликовано:

Жинақ сандықша және тиындар
Жинақ сандықша және тиындар. Көрнекі фото: Pexels.com

Қазақстанда азаматтардың банк салымдарына өтемақы төлеу бағдарламасы жарияланған болатын. Дегенмен, салымшылар белгілі бір жағдайларда төлемдердің бір бөлігінен айырылып қалуы немесе мүлде алмай қалуы мүмкін. Осы ретте FinGramota.kz сайты мұндай жағдайды болдырмаудың және өтемақы алудың жолдарын айтты.

2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап Қазақстанда салымшыларды қолдау мақсатында Жеке тұлғалардың ұлттық валютада – теңгемен сақталған депозиттері бойынша өтемақы (сыйақы) төлеу тәртібі әзірленді.

Аталған құжат бойынша өтемақы 10 пайыздық мөлшерде сыйақы алуға келісімін растаған және 2022 жылғы 24 ақпанға дейін теңгемен ашылған депозиттер бойынша өтінім жолдаған салымшыларға ғана төленеді.

Егер салымшының бір банкте бірнеше депозиті болса, онда өтемақы жалпы сомасы 20 млн теңге көлемінде төленеді. Ал егер салымшының түрлі банктерде депозиті болса, онда сыйақы әрбір салым бойынша есептеліп, бұл ретте де 20 млн теңге шегінде төленетін болады.

Есептеу 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін жүргізіледі. Алайда, осы уақыт ішінде қазақстандықтар өтемақы алу мүмкіндігінен мүлдем айырылып қалуы немесе сыйақының бір бөлігін жоғалту қаупі бар.

Осы орайда мамандар бұған жол бермес үшін келесі ережелерді ескеру қажеттігін атап өтті.

  • 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін өтемақы алуға келісіміңізді растау маңызды. Көрсетілген мерзімде банкке келісім туралы өтініш бермегендерге өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

Өтемақы мынадай салымдар бойынша төленеді:

  • жинақ, яғни ақшаны ішінара алу құқығынсыз қайтарып алынбайтын депозит;
  • мерзімді салым (білім алу үшін салымдарды және тұрғын үй құрылыс жинақтарын қоса алғанда).

Сыйқы тек осы салымдар бойынша және 20 миллион теңгеден аспайтын сомаға төленетін болады.

Бұл ретте, сыйақы:

  • талап етілгенге дейінгі салымдарға, яғни банк белгісіз мерзімге ашатын және клиенттің бірінші талабы бойынша қайтарылатын салымдарға;
  • шартты салымдарға;
  • ағымдағы банктік шоттар бойынша төленбейді.

Салымшылар:

  • салымдарының мерзімі аяқталмаған немесе 2023 жылғы 23 ақпанға дейін (бір немесе бірнеше рет) ұзартылған;
  • банктік салым шарты тоқтатылмаған және салымшы өзінің барлық жинақтарын депозиттен толығымен алмаған жағдайларда сыйақы ала алады.
Кассир ақша есептеп отыр
Кассир 10 мыңдықтарды есептеп отыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өтемақы қалай есептеледі?

Депозиттер бойынша өтемақы (сыйақы) төлеу тәртібіне сәйкес, өтемақы - 2022 жылдың 23 ақпанынан бастап ең төменгі қалдыққа есептелетін болады.

Қарапайым мысал: егер 2022 жылғы 23 ақпаннан бастап 2023 жылғы 23 ақпанға дейін салымшының өтемақы төленетін депозиттегі сомасы 5 млн теңгені құраса және осы кезеңде толықтырылмаса және алынбаса, онда оған 10% мөлшерінде, яғни 500 мың теңге мемлекет сыйақысы есептелетін болады.

Егер осы кезеңде салымшы депозитті толықтырса немесе өз қаражатын ішінара алса, онда 10% мөлшеріндегі сыйлықақы осы кезеңдегі операциялық күннің соңында тіркелген ең төменгі қалдыққа есептелетін болады.

Мысалы салымшының депозитінде 2022 жылғы 23 ақпанда 500 мың теңге болды. Бір жыл ішінде, 2023 жылғы 23 ақпанға дейін ол ақшаны ішінара алды, ал депозитте ең төменгі сома 200 мың теңге қалды. Ол кейін депозитті толықтырды, нәтижесінде 2023 жылғы 24 ақпанда оның депозитіндегі сома 800 мың теңгені құрады. Дегенмен 10% мөлшеріндегі сыйақы 200 мың теңгеге есептелетін болады, себебі қағидаларға сәйкес өтемақы ең төменгі қалдыққа есептеледі.

Сондықтан мамандар өтемақы төлемдерін алғанға дейін депозиттен ақша алмаған дұрыс екенін айтады.

Салымшы өтемақы алу үшін не істеу керек?

Банктер салымшыларға өтемақы алу мүмкіндігі және өтініш беру арқылы келісім беру қажеттілігі туралы хабарлайды. Өтініш беру тәртібі мен тәсілін банк айқындайды.

Өтініште салымшылар мыналарды көрсетуі керек:

  • тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
  • жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН).

Өтемақы төлеу қағидалары бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар "1477" нөмірі бойынша Ұлттық банкке жүгіне алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1991115-depozit-boiynsa-otemaqy-qazaqstandyqtarga-memleketten-beriletin-syiaqyny-aludyn-zoly-qandai/

pixel