Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл заңсыз": Астанадағы дүкенде тауар бағасының рубльмен көрсетілуіне қатысты Қаржы министрі пікір білдірді

Опубликовано:

Теңге мен рубль
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысынан соң Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев БАҚ өкілдеріне ресейліктердің Қазақстанға келуіне қатысты жағдайға пікір білдірді. Журналистер министрден елордадағы кейбір дүкендерде тауар бағасы рубльмен көрсетілгені жайында сұрақ қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Қаржы министріне астаналық дүкендердің бірі тауар бағасын рубльге ауыстырып қойғанын жеткізді. Олар бұл туралы министрліктің білетін-білмейтінін сұрады.

"Біз арнайы қадағалап отырған жоқпыз, егер бар болса, анықтайық. Бұл қате болуы мүмкін. Біздің ұлттық валютамыз - теңге. Барлық бағалар ұлттық валютада көрсетілуі керек. Ал мұндай фактілер болса бұл заңсыз", - деді ол.

Бұл ретте Ерұлан Жамаубаев бағаны екі елдің – Ресей мен Қазақстанның валютасында көрсетілуіне жол берілмейтінін атап өтті.

"Оны тек теңгемен көрсету керек. Барлығымыз патриот болуымыз керек, заңды сақтауымыз керек. Заң бойынша ұлттық валютамыз теңге. Егер мұндай фактілер болса (басқа валюта – ред.), біз заңсыз әрекеттерді тоқтатамыз. Барлығының, оның ішінде дүкен қызметкерлерінің де", - деп сендірді Қаржы министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1992148-bul-zansyz-astanadagy-dukende-tauar-bagasynyn-rublmen-korsetiluine-qatysty-qarzy-ministri-pikir-bildirdi/

pixel