Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтерді

Опубликовано:

10 мың теңгеліктер мен тиындар
10 мың теңгеліктер мен тиындар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1,0 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 16 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады.

"Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті.

Шешім қабылдауға негізгі факторлар жоғары инфляциялық күтулер, орнықты сұраныс, фискалдық серпін, тұрақты тауар жеткізу жолдарына қайта бағыттауға байланысты өндіріс шығасыларының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасып отырған әсері, оның ішінде сақталып отырған Ресей рублі бағамының күшеюі болды.

Жоғарылаған инфляциялық күтулер баға мен тұтынуға қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестердің бақылануын сақтау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді", – делінген хабарламада.

Базалық мөлшерлемені арттыру экономика субъектілерінің жинақтау белсенділігіне қолдау көрсетіп, ішкі валюта нарығындағы теңгерімге ықпал ете отырып, 1-2 жылдық кідіріспен әсер етеді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім 5 желтоқсанда сағат 14:00-де жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1994388-ulttyq-bank-bazalyq-molserlemeni-16-paiyzga-deiin-koterdi/

pixel