Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңгедегі депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесі артты

Опубликовано:

20 мыңдық теңгелер және тиын ұстап тұрған ер адамның қолы
20 мыңдық теңгелер және жинақ сандықша: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры теңгедегі депозиттердің ең жоғары мөлшерлемесін арттырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қордың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қордың мәліметінше, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруге байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 27 қазаннан бастап қазан және қараша айлары үшін мерзімсіз депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді арттыру туралы шешім қабылдаған.

Депозит бойынша ұсынылатын жаңа мөлшерлеме туралы шешім биыл 27 қазаннан бастап күшіне енеді.

Депозиттік мөлшерлемелер
Депозит бойынша жаңа мөлшерлеме. Скриншот: kdif.kz

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтергенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1994585-tengedegi-depozitterdin-en-zogary-molserlemesi-artty/

pixel