Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген купюра айналымда қала ма: Ұлттық банк жауап берді

Опубликовано:

20 мың теңге
20 мың теңгелік банкнот. Фото: Қазақстан Ұлттық банкі

Ұлттық банк Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесімен шығарылған 20 мыңдық купюраның айналымда қалуы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 20 000 теңге номиналындағы мерейтойлық банкнот заңды төлем құралы болып саналады. Бұл банкноттар төлемдердің, банк операцияларының және аударымдардың барлық түрлері бойынша басқа естелік банкноттар сияқты қабылдануға міндетті. Банкноттар табиғи тозуына қарай ақша айналымынан алынады. Мерейтойлық және естелік банкноттар бойынша айналым мерзімі белгіленбейді", - деп хабарлады қаржы ұйымы.

Айта кетейік, 1 қазанда Ұлттық банк жаңа дизайндағы 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарған болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1994878-nursultan-nazarbaev-beinelengen-kupyura-ainalymda-qala-ma-ulttyq-bank-zauap-berdi/

pixel