Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы 2023 жылы да жалғасын табуы мүмкін

Опубликовано:

ипотека
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жеті пайыздық несиемен берілетін ипотекаға бөлінген қаражат толығымен игерілді. Десе де, жеңілдетілген несие келесі жылға да жетуі мүмкін. Бұл туралы Крыша басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру үшін бюджеттен бір триллион теңге бөлінген еді. Аталған бағдарлама аясында қазақстандықтар жеңілдікпен үй алып, баспаналарына кірген болатын.

Соңғы мәлімет бойынша, 57 мың қазақстандық осы ипотекамен үй алып, берілген займ көлемі 745,5 млрд теңгені құраған. Яғни, енді бөлінген қаражаттың небәрі 25 пайызын игеру ғана қалды. Ұлттық банктің хабарлауынша, қалған қаржы аталған бағдарлама бойынша келесі жылы да үй алуға жетеді.

"Қазіргі қарқынды есепке алып, мақсатты қаржы 2023 жылы да игеріледі деп болжауға негіз бар", - дейді ведомство өкілдері.

Ұлттық банк мәліметінше, қаржыны игеру қарқыны пәтерлерге деген төлемге қабілетті ұсынысқа және жаңа үйлердің қолданысқа берілуіне байланысты.

Сол себепті, бағдарламаның нақты аяқталатын уақытын дөп басып айту мүмкін емес. Бөлінген бір триллион теңге толығымен игерілмейінше, бағдарлама жалғаса береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1995525-7-20-25-ipotekalyq-bagdarlamasy-2023-zyly-da-zalgasyn-tabuy-mumkin/

pixel