Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қор биржасында доллар құны 3 теңгеге өсті

Опубликовано:

Доллар және теңге
Доллар және қазақстандық теңге. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

3 қараша, бейсенбіде күндіз Қазақстан қор биржасында доллар күрт қымбаттап, өсім шамамен 3 теңгені құрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KASE ресми сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы өткен сессиядан бері 2,96 теңгеге көтеріліп, 463,60 теңгені құрады.

KAZ.NUR.KZ сайтының айырбас бағамындағы дерктерге сүйенсек, екінші деңгейлі қазақстандық банктер долларды келесі бағамен саудалауда:

  • Алматыда: сатып алу – 460,5-466 теңге, сату – 466-470 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 460,5-462 теңге, сату – 466-469 теңге.

Бұл ретте, Kurs.kz мәліметінше, қазақстандық айырбастау пункттері долларды келесі бағамен сатып және сатып алып жатыр:

  • Алматыда: сатып алу – 464,5-466 теңге, сату – 469,5-470,5 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 462,8-466 теңге, сату – 467-470 теңге.

UPD: сағат 17:00-дегі сауданың қорытындысы бойынша биржадағы доллар бағамы 463,87 теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1995634-qazaqstan-qor-birzasynda-dollardyn-quny-3-tengege-qymbattady/

pixel