Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл Жабаевтың құрметіне коллекциялық монеталар сатылымға шығады

Опубликовано:

JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары
JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары. Фото: Nationalbank.kz

17 қарашадан бастап "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" монеталар сериясынан JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары сатылымға шығады, деп хабарлайды Ұлттық банк ресми сайтында.

Ақын Жамбыл Жабаевтың құрметіне шығарылып отырған коллекциялық монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан жасалған, номиналы 100 теңгелік, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана.

Монета аверсінің орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Жиегі "QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN" деген жазумен айналдыра көмкерілген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін "100 TEŃGE" жазуы бар.

Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі көрініс тапқан, орта тұсында ақынның "Артықша туған азамат" өлеңінің жолдарын оқуға болады. Жиегінде "JAMBYL" және "QAZAQ HALYQ AQYNY" жазулары айналдыра басылған.

"JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары белгіленген құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстанның барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға міндетті", – дейді Ұлттық банк өкілдері.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған, ол Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1997469-zambyl-zabaevtyn-qurmetine-kollekciyalyq-monetalar-satylymga-sygady/

pixel