Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Халықаралық даму банкінен 345 миллион еуро қарыз алмақшы

Опубликовано:

Кассир еуро есептеп отыр
Еуро. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сенаторлар Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін cенатта Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 345,7 миллион еуроны құрайтын қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылғанын айтты.

"Қарыз толық көлемде бюджет тапшылығы мәселесін шешуге жұмсалады. Қарызға алынған қаражат қабылданған бюджет шығыстарын, оның ішінде әлеуметтік және басқа да басым мақсаттарға бағытталған шығыстарды қолдауға мүмкіндік береді", – дейді министр.

Сондай-ақ, Ерұлан Жамаубаев Қазақстанға қарыз 11,5 жылға, оның ішінде 2,5 жылы жеңілдік кезеңімен берілетінін айтты. Сыйақы мөлшерлемесі қарыз сомасының 0,25 пайызын құрайды, резервтеу үшін комиссия – қарыздың игерілмеген сомасы үшін 0,25 пайыз болмақ.

Сонымен қатар, Қаржы министрі қарыз республикалық бюджет есебінен өтелетінін атап өтті.

Еске салайық, 26 қазан күні мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1997593-qazaqstan-xalyqaralyq-damu-bankinen-345-million-euro-qaryz-alady/

pixel