Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 млн теңгеден астам қаражаты бар мемлекеттік қызметшілер артық соманы банк шотында ұстауы тиіс

Опубликовано:

Кассир ақша есептеп отыр
Он мың теңгелік банкноттар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Келесі жылы жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталады. Оның аясында 10 000 АЕК мөлшерінен асатын (30,6 млн теңгеден астам) қолма-қол ақша банк шоттарына орналастырылуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталатынын хабарлады.

Ведомство мәліметінше, келер жылы алғаш рет Алматыда мемлекеттік мекемелері мен квазимемлекеттік секторының 100 мыңнан астам қызметкері мен олардың жұбайлары 250.00 нысаны бойынша активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларация тапсыруы тиіс.

Департаменттің хабарламасына сәйкес, мемлекеттік мекемелерге білім беру, мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салалардағы мекемелер мен ұйымдар кіреді.

Ал квазимемлекеттік сектор – бұл мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар.

"Бастапқы декларацияда шетелде тіркелген мүлік пен активтерден басқа, заңды тұлғаның жарғылық акцияға қатысу үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және тағы басқа 10 000 АЕК-тен аспайтын (30 630 000 теңге) сомадағы қол қолма ақша көрсетіледі. Ал артық сома 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін банк шоттарына орналастырылуы тиіс", – деп түсіндірді ведомство өкілі.

Сондай-ақ ведомтво декларацияны eSalyq Azamat мобильді қосымшасы, электрондық үкімет порталы (eGov.kz), сондай-ақ салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) арқылы беруге болатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1998261-30-mln-tengeden-astam-qarazaty-bar-memlekettik-qyzmetsiler-artyq-somany-bank-sotynda-ustauy-tiis/

pixel