Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда алғашқы бигвилль пайда болады

Опубликовано:

Arena Park бигвиліндегі пәтерлерін брондау басталды
Фото: BI Group

BI Group құрылыс компаниясының алматылық алғашқы Arena Park бигвиліндегі пәтерлерін өткен демалыс күндері брондау басталды.

Бигвилль - оңтүстік астана үшін мүлдем жаңа, бірақ болашағы бар бағыт. Бұл – тұрғын үй кешендерімен қатар жайлы өмір сүру үшін медициналық, білім беру, спорт мекемелері, сауда алаңдары мен саябақтар, ыңғайлы кіреберіс жолдары сияқты барлық инфрақұрылымы бар "қала ішіндегі қала".

Arena Park жобасы Алатау ауданындағы Б.Момышұлы, Мөңке би, Оңғарсынова көшелері мен Рысқұлов даңғылы алаңында орналасқан. Квартал қарқынды дамып келеді және жаңа ірі орталыққа айналу мүмкіндігі бар.

Arena Park сату орталығы
Фото: BI Group

Қала әкімдігі KAZ.NUR.KZ ақпараттық порталының мәліметтеріне сәйкес Алматыны 2030 жылға дейін "Солтүстік", "Батыс", "Шығыс қақпалары", "Оңтүстік-Батыс" және "Тарихи орталық" секілді бес тәуелсіз полиорталыққа бөлу туралы шешім қабылдаған. Arena Park бигвилі "Батыс" полиорталығының құрамына кіреді.

Ұтыс жеңімпазы
Фото: BI Group

"Батыс" полиорталығы индустриалды аймақ аумағын кеңейтуді көздейді, Боралдай кентінде үшінші темір жол вокзалы орналасады. "Сақ қорғандары" паркінің жанында аумағы 90 гектар желілік рекреациялық саябақ, сондай-ақ жаңа жайлы тұрғын кварталдар құрылады", - деп жазады портал.

Сатып алушылар
Фото: BI Group

Бигвилльдің таныстырылымы BI Group компаниясының Алматыдағы екінші сату бөлімінің ресми ашылуымен қатар өтті. Ол Arena Park кешенінің төменгі жағындағы Ғажайып ш.а., 5/13 мекенжайында орналасқан.

Компанияның жаңа сату бөлімінің ашылу салтанаты мен жаңа бигвилльдің таныстырылымына 400-ден астам адам келді.

Сатып алушы
Фото: BI Group

Arena Park бигвилінің бірінші кезегі 2024 жылдың екінші тоқсанында тапсырылады деп күтіледі.

Кешен туралы толық ақпаратты 360 телефоны арқылы, BI Group ресми сайтынан, инстаграмдағы @bi.group.almaty парақшасынан, сондай-ақ компанияның жұмыс және демалыс күндері күнделікті жұмыс істейтін сату бөлімдерінен алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1998415-almatyda-algasqy-bigvill-paida-bolady/

pixel