Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір жарым миллионға жуық адамның 1,4 трлн теңге өтелмеген қарызы бар

Опубликовано:

Екі мың теңгелік банкноттар
Екі мың теңгелік банкноттар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банктер мен микроқаржы ұйымдарынан алған несиесін өтей алмай жүрген қазақстандықтар туралы статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақпарат агенттігінің жазуынша, Қаржы министрлігі проблемалық қарыздар мәселесін шешу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеген.

"Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1 миллион 400 мыңнан астам қазақстандықтың 1 триллион 450 миллиард теңге қарызы бар. Олар 90 күннен асқан қарыз болып есептеледі", – дейді Біржанов ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, осы санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасы әзірленген.

"Осы азаматтардың ішінде 5 жылдан астамы қарызы бар 365 мың адам бар. Олардың берешегі бүгінгі таңда 504 млрд теңгені құрайды. Бұл статистика халықтың проблемалық қарыздарын заңнамалық реттеу қажеттілігін көрсетіп отыр", – дейді вице-министр.

Заң жобасын Қаржы министрлігі әзірлеген. Біржановтың сөзінше, бұл құжатты дайындауға халықтың шамадан тыс несиелік ауыртпашылығы мен азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайының нашарлауы түрткі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1999762-elimizde-bir-zarym-millionga-zuyq-adamnyn-14-trln-tenge-otelmegen-qaryzy-bar/

pixel