Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатына арналған монеталар шығарды

Опубликовано:

Катардағы футболдан ӘЧ арналған монеталар
Катардағы футболдан ӘЧ арналған монеталар. Фото: Nationalbank.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі футболдан әлем чемпионатының құрметіне FIFA World Cup Qatar 2022 коллекциялық монеталарын шығарғанын хабарлады. Бұл туралы банктің ресми сайты жазды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің "Спорт" монеталар сериясынан FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталарын 2 желтоқсанда айналымға шығарғаны жазылған.

Бұл монеталар Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматикалық компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылады.

"FIFA WORLD CUP QATAR 2022 монеталарының дизайнын FIFA Халықаралық футбол федерациясы бекіткен. Катардағы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми слоганы EXPECT AMAZING стадионның электрондық таблосындағы жазу стилінде жасалған.

Монетада рельефті орташа деңгейде алтын жалату бойынша жаңа технология қолданылып отыр. Ол монеталық өндірісте алғаш рет пайдаланылды және доптың көлемін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Оның алтын жалатылған бөліктері футбол қақпасының тор деңгейінен төмен орналасқан", – делінген хабарламада.

FIFA WORLD CUP QATAR 2022 коллекциялық монеталары алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925/1000 сынамалы күмістен жасалғаны айтылған. Массасы 20 грамм, диаметрі 37 мм, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 000 дана.

Ішкі нарық үшін монеталардың таралымы – 3 650 дана, сыртқы нарық үшін – 350 дана.

Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

Коллекциялық монеталар еліміздің бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2000022-ulttyq-bank-katarda-futboldan-otip-zatqan-alem-cempionatyna-arnalgan-monetalar-sygardy/

pixel