Қазақстан қор биржасында доллар қымбаттады
Опубликовано:

Сейсенбі, 6 желтоқсанда күндіз Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 3 теңгеден аса қымбаттады. Ағымдағы валюта бағамы KASE ресми сайтында берілді.
Дәл қазір америкалық валютаның орташа сараланған бағамы 472,33 теңгені құрап отыр. Осылайша, алдыңғы сауда-саттықтан бері АҚШ доллары 3,07 теңгеге қымбаттады.
NUR.KZ сайтының айырбастау бағамы парақшасынан алынған мәліметке қарағанда, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде доллар келесі бағамен саудаланады:
Алматыда: сатып алу – 468,2-473,5 теңге, сату – 474,2-477,5 теңге;
Астанада: сатып алу – 468,2-470,5 теңге, сату – 474,2-476,2 теңге.
Сондай-ақ, Kurs.kz сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, қазақстандық айырбастау пункттерінде долларды келесі бағамен сатып алуға немесе сатуға болады:
Алматыда: сатып алу – 470,5-473,5 теңге, сату – 476,5-477,5 теңге;
Астанада: сатып алу – 470,9-473,5 теңге, сату – 474,9-477 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2000376-qazaqstan-qor-birzasynda-dollar-3-tengeden-astam-qymbattady/