Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға арналған "Бақытты отбасы" бағдарламасы жойылуы мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жеңілдетілген 2 пайыздық "Бақытты отбасы" бағдарламасы қолданыстан алып тасталуы мүмкін. Бұл туралы "Крыша" порталы хабарлайды.

Бүгінде Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған "Бақытты отбасы" тұрғын-үй бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Басылым мәліметінше, "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқылы ел азаматтары 2 пайыздық жылдық мөлшерлемемен ипотека рәсімдей алады. Алайда аталған мемлекеттік бағдарлама тек халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған. Дәлірек айтқанда, аталған бағдарламамен төмендегі санаттағы азаматтар ипотека ала алады:

  • Көпбалалы отбасылар;
  • 1 және 2-топтағы мүгедектер;
  • Мүгедек баласы бар отбасылар;
  • Жетім балалар.

Аталған санатқа толық емес отбасылар да кіреді, алайда ол санатты көп ұзамай алып тастау жоспарланып отыр.

Басылымда ұсынған деректерге сәйкес, Қазақстанда тіпті аталған бағдарламаның өзін де қолданыстан алып тастауы мүмкін.

Бұл туралы үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, қазіргі таңда депутаттармен бірлесе отырып тұрғын-үй қатынастары туралы заң жобасы әзірленуде. Оның аясында қазақстандықтарға жалдамалы баспананы сатып алу мүмкіндігі қарастылыруы мүмкін.

Осыған орай заңда аталған өзгерістер қабылданатын болса, елімізде жеңілдетілген ипотека өз жұмысын тоқтатуы ықтимал.

"Егер өзгерістер қабылданса, яғни жалдамалы пәтерді жекешелендіру құқығы және құқығынсыз қабылданса, онда біз 2 пайыздық жеңілдетілген несие жобасын жою туралы ұсыныс енгізетін боламыз. Біз бұл жобаны тоқтатуға мәжбүрміз, себебі қаржы мөлшері шектеулі", - деді вице-министрі.

Айта кетерлігі, Қазақстанда "Бақытты отбасы" бағдарламасынан бөлек, әлеуметтік осал топтарға арналған бірнеше бағдарлама бар. Олардың арасында "Шаңырақ" және т.б. бағдарламалар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2000483-qazaqstanda-aleumettik-osal-toptarga-arnalgan-baqytty-otbasy-bagdarlamasy-zoiyluy-mumkin/

pixel