Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Moody’s агенттігі Еуразиялық банкке жасаған болжамын "жағымдыға" өзгертті

Опубликовано:

муди
Фото: depositphotos.com

Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің B2 ұзақмерзімді депозиттік рейтингінің болжамын жергілікті және шетел валютасы бойынша "тұрақтыдан" "жағымдыға" өзгертті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Жағымды болжам Moody’s-тың банк өзінің төлемге қабіеттілігінің жетілдірілген көрсеткіштерін сақтап қалады деген үмітін көрсетеді. Банкте кредиттеу деңгейі тез өсіп, сыртқы ортаның мүмкін болатын ықпалына тұрақтылық орнағанын көруге болады.

"Еуразиялық банк үшін жағымды болжам күрделі макроэкономикалық жағдайда біздің стратегияның негізділігін көрсетеді. Клиенттерімізге бізге сенім артқаны үшін және көпжылдық ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз", — дейді банктің басқарма төрайымы Ләззат Сатиева.

Рейтинг агенттігі өкілдерінің пікірінше, банк алдағы 12-18 айда табыстылықтың жақсы деңгейін ұстап тұрады. Сауатты несие портфелінің өсуінің және өсіп жатқан клиент базасын түрлендіретін пайыздық емес табыстың анағұрлым жоғары болуының арқасында банк рентабельділігі да өсе бермек.

ҚР Қаржылық нарықты реттеу және дамыту жөніндегі агенттікпен берілген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2001827-moodys-agenttigi-euraziyalyq-bankke-zasagan-bolzamyn-zagymdyga-ozgertti/

pixel