Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде шаштараз қызметінің бағасы бір жылда бірден 17 пайызға қымбаттады

Опубликовано:

Шаш алып жатқан шаштараз. Көрнекі сурет
Шаш алып жатқан шаштараз. Көрнекі сурет: pixabay.com

Сән салондарына сұраныс артқан сайын, ондағы қызмет түрлерінің бағасы да айтарлықтай өсетіні анық. Осы орайда бір жылда шаштараз қызметінің бағасы қаншалықты өсті? Аталған сұраққа EnergyProm сарапшылары жауап берді.

Басылымның мәліметінше, биылғы қараша айында шаштараз және сұлулық салоны қызметі бір айда 1,8 пайызға қымбаттаған, бұл соңғы уақыттағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.

Сонымен қатар биыл шаштараз және сұлулық салоны қызметі бағасының орташа айлық өсімі 1,4 пайызды құрады, ал 2011–2021 жылдар кезеңінде сектордағы қызметтердің орташа айлық өсімі небәрі 0,6 пайызды көрсеткені белгілі болды.

Бұған қоса, басылым ұсынған мәліметтерге сәйкес, жыл басынан бері шаштараз және сұлулық салоны қызметі бағасы рекордтық 16,2 пайызға қымбаттағаны анықталды.

Сарапшылар сондай-ақ, өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда шаштараз және сұлулық салоны қызметі бірден 17 пайызға қымбаттағанын айтады.

Өңірлер бойынша бағаның айтарлықтай өсуі Павлодар (32%-ға), Қарағанды (30,4%-ға) және Атырау (25,7%-ға) облыстарында да байқалады. Ең төменгі өсім Батыс Қазақстан облысында тіркелген, мұнда шаштараз қызметі бар-жоғы 3,1 пайызға қымбаттаған.

Сонымен қатар басылым сарапшылары бір жыл ішінде ерлердің шаш қию бағасы бірден 21,5 пайызға қымбаттаса, әйелдердің шашын қию бағасы 16 пайызға қымбаттағанын алға тартып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2003234-elimizde-sastaraz-qyzmetinin-bagasy-bir-zylda-birden-17-paiyzga-qymbattady/

pixel