Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы министрліктер 80 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын игере алмаған

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған әйел
Ақша ұстап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлер кабинетінің отырысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша қандай министрліктер бекітілген бюджетті игере алмағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерұлан Жамаубаев республикалық бюджет бойынша 18,5 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілгенін, атқарылмау 263 млрд теңгені құрғанын атап өтті.

"Оның ішінде 175 млрд теңге үкіметтің бөлінбеген резерві болса, 7 млрд теңге үнемделгені болып саналады. Бұл шығыстар бюджет кодексіне сәйкес игерілмеген қаражат болып есептелмейді. Сол себепті, шығыстарды таза игеру 99,6 пайызды құрайды деп айтуға толық негіз бар. Игерілмегені 81 млрд теңге", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министінің айтуынша, бюджетті жеткіліксіз игеру яғни 99 пайздан төмен көрсеткіш Сауда және интеграция, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Төтенше жағдайлар мен Мәдениет және спорт министрліктеріне тиесілі.

Министрдің сөзінше, қаражаттың игерілмеудің негізгі себептері:

  • өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы;
  • жобалау-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптаманы ұзақ өткізу немесе оған оң қорытындының болмауы;
  • орындалған жұмыстар актілерін және шот-фактураларды уақтылы ұсынбауы.

Айта кетейік, былтырғы жылдың наурыз айында Қаржы министрі министрліктер жыл басынан бері 55 млрд теңге қаржыны игермегенін мәлімдеген еді. Ал сәуір айында аталған сома 37 млрд теңгені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2004915-2022-zyly-ministrlikter-80-mlrd-tengeden-astam-byudzet-qarazatyn-igere-almagan/

pixel