Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атаулы әлеуметтік көмек алатын балаларға азық-түлік үшін 5 000 теңге жете ме: Еңбек министрлігі жауап берді

Опубликовано:

теңге
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын балаларға арналған азық-түлік себетінің неліктен ақшаға айналғанын айтты. Қазір оның мөлшері 5 мың теңгеден сәл асады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тамара Дүйсенова соңғы үш жылда АӘК алушы балалар табиғи өніммен қамтамасыз етілгенін еске салды.

"Өткен жылы көптеген қоғамдық бірлестік пен жергілікті әкімдіктер азық-түлік себетінің қарастырылған құрамы бойынша көлемін барлық жерде бере бермейтіндіктен және мұндай тауарлар өңірлерде барлық жерде бола бермейтіндіктен осындай ұсыныспен шықты. Ұсынылатын тауардың сапасына қатысты мәселелер де бар.

Сонымен қатар ата-аналар да ұсынылатын азық-түлік себеті балаларының жеке қажеттілігін қанағаттандыра бермейтінін, осыған байланысты оны ақшалай түрде беру керегін айтты", - дейді министр.

Сонымен қатар министр мұндай отбасылардың балалары мемлекеттен көмек ретінде 5 мың теңгеден сәл ғана артық алатынымен келіспейді.

"Бір балаға АӘК-ке қосымша 5 175 теңге төленеді. Биыл АӘК көлемін ұлғайттық. 2022 жылы АӘК төлеуге республикалық бюджеттен 59 миллиард теңге қарастырылған болса, биыл 72 миллиард теңге тек республикалық бюджеттен бөлінген және оған қоса жергілікті бюджеттен тағы 20 пайыз беріледі, яғни АӘК деп аталатын бөлігін ұлғайтып жатырмыз.

Биыл ол 6 мың теңге көлемінде алса, келесі жылы 9 мың теңге деңгейінде болады, оған қоса балаға 5 175 теңге беріледі. Демек, баланың азық-түлік себеті 15-16 мың теңге деңгейінде болады. Бұл баланың алатын жалпы сомасы", - деп түйіндеді сөзін Тамара Дүйсенова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2005318-atauly-aleumettik-komek-alatyn-balalar-usin-azyq-tulikke-5-000-tenge-zete-me-enbek-ministri-zauap-berdi/

pixel