Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Атырау жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім беру қашан басталатыны белгілі болды

Опубликовано:

тұрғын үй
Тұрғын үй макеті. Көрнекі фото: pixabay.com

"Атырау жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім беру уақыты белгілі болды, деп хабарлайды "Отбасы банктің" Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Отбасы банктің" желідегі ресми парақшасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың 1 ақпаны мен 20 ақпаны аралығында "Атырау жастары" тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады.

Бағдарламаға қатысуға 18-35 жас (қоса алғанда) аралығындағы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу институты, журналистика, әлеуметтік, коммуналдық сала қызметкерлері мен техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, мемлекеттік қызметкерлер өтініш бере алады.

Сондай-ақ бағдарламаға тұрғын үй кезегінде жетім санаты бойынша тұрған, ата- анасынан қамқорлығынсыз қалған жастар да қатыса алады.

Бағдарлама талаптары:

  • Бастапқы жарна- 10 пайыз,
  • Несиенің жылдық пайызы - 5 пайыз,
  • Несие мерзімі- 19 жыл,
  • Атырау қаласы бойынша максималды сумма- 18 млн теңге,
  • Аудан бойынша-13 млн теңге,
  • Үй кезегінде болу міндетті емес, бірақ соңғы 5 жылда атыңызда және отбасы мүшелерінің атында да үй болмауы керек.
  • "Отбасы банкінде" депозит болуы міндетті.
  • Отбасының бір мүшесінің соңғы 6 айдағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6,3 көрсеткішінен аспауы тиіс

Өтінімдер Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 101А, 3 кабинет мекенжайы бойынша орналасқан, қалалық және аудандық ТКШ (тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы) басқармасында қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2006989-atyrau-zastary-turgyn-ui-bagdarlamasy-boiynsa-otinim-beru-qasan-bastalatyny-belgili-boldy/

pixel