Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қай салада жоғары жалақы төленеді

Опубликовано:

Банк карталары мен ақша
Ақша және банк карталары: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандықтардың орташа жалақы мөлшері аймаққа, қызмет саласына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. NUR.KZ тілшілері Қазақстан экономикасының қай салаларында ең жоғары жалақы тіркелгенін анықтады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда 2022 жылдың төртінші тоқсанында орташа жалақы мөлшері 340 мың теңгеге жуықтады. Жалақы мөлшері аймаққа байланысты өзгереді. Мәселен, ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында (556 015 теңге), ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында (240 720 теңге) тіркелді.

Десе де елімізде орташа айлық жалақы үшінші тоқсанмен салыстырғанда төртінші тоқсанда айтарлықтай өскен, нақтырақ айтсақ, үшінші тоқсанда жалақы мөлшері 40 мың теңгеге төмен болатын.

Орташа жалақы
Орташа айлық жалақы - IV тоқсан. Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы

Мұндай жоғары көрсеткішті экономиканың барлық саласынан байқауға болады.

Ұлттық статистика бюросы сарапшыларының пікірінше, ең көп жалақы қаржы және сақтандыру секторларында – 628 164 теңге, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібінде – 728 241 теңгені құрайды. Бұл орташа айлық есептік көрсеткіштен екі есе көп.

Жоғары жалақы төлейтін салада барлығы бірқалыпты емес. Мәселен, EnergyProm сарапшыларының мәліметі бойынша, 2022 жылдың соңында металлургия өнеркәсібінде 91 мың жұмысшы тіркеліп, оның ішінде 85,2 мың жұмысшы металлургиялық кен өндірумен айналысқан. Бұл орайда жалақы көлемі қызмет саласына байланысты өзгеріп отырады.

Мәселен, өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа жалақысы шамамен 474,3 мың теңгені, ал металлургия саласындағы мамандардың орташа жалақысы 537,5 мың теңгені құрады. Нақтылай кетсек, металл кендерін өндірумен айналысатын жұмысшылардың жоғары жалақысы орташа есеппен 558,3 мың теңге.

Осылайша кен өндірісі секторындағы жұмыс істейтін азаматтар экономиканың өзге салаларындағы мамандарға қарағанда орта есеппен 60%-65%-ға жоғары жалақы алатыны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2009658-elimizde-qai-salada-zogary-zalaqy-tolenedi/

pixel